Қызылордада түзеу мекемесінің әйел қызметкерлеріне алғыс хат табысталды
Қызылордада түзеу мекемесінің әйел қызметкерлеріне алғыс хат табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ЗК-169/4 мекемесінің нәзік жанды қызметкерлерін 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтау іс шарасы өткізілді.
– Бұл мерекені бүкіл республика жұртшылығы, барлық ұжым мен әрбір отбасы атап өтеді. Сондықтан айтулы мереке қарсаңында абзал аналар мен аяулы аруларға лайықты сый-құрмет көрсетілуі – елдігіміздің айғағы. Қазақ әйелдері тек ошақтың ұйытқысы, шаңырақтың отанасы ғана емес, игі өзгерістерге белсене қатысушы тұлға. Әйелдер қауымын көктем мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына бақыт тілеймін, – деді мекеме бастығының міндетін атқарушы Әмірбек Азамат өз құттықтауында.
Әр қызметкердің өзіндік ерекше орны бар екенін баса айтып, мерекелік жылы лебізін білдірген мекеме басшылығы одан әрі қызметкерлерге алғыс хат табыстады.
Мекеменің ерлер қауымы атынан әдемі сыйлықтар мен гүл шоқтары таратылды.
Өз кезегінде мекеменің нәзік жанды қызметкерлері де басшыларға алғыстарын білдіріп, елімізге адал қызмет ететіндерін айтып өтті.