Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің инспектор теологтары білімін жетілдірді

БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің инспектор теологтары білімін жетілдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3-4 наурыз күндері Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” ұйымдастыруымен облыс бойынша мешіт имамдары мен теолог мамандарының кәсіби деңгейлері мен біліктілігін арттыру мақсатында “Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда имамдар мен теологтардың рөлі” тақырыбында оқыту семинары өтті.

Оған жергілікті ҚАЖ департаментінің РУ-170/1,РУ-170/2, РУ-170/3 мекемелерінің теологиялық оңалту жұмысының инспекторлары қатысты. Семинарға арнайы Алматы қаласынан дінтанушы, философия ғылымының РhD докторы Қайсар Назарбек лекторлық қызмет жасады.

Семинар барысында терроризм мен экстремизм ұғымдары, түрлері, халықаралық терроризм ұйымының ерекшеліктері, ислам дінімен байланысы секілді және деструктивті діни ағым өкілдерімен жұмыс жолдары тақырыбында лекциялары болды.

Семинар кезінде ҚАЖД инспектор теолог мамандарының жұмыс барысындағы оқиғаларымен шынайы бөлісіп, тәжірибелерін алмастырды. Келген лекторға сұрақтарын қойып, заң аясында жауаптарын алды. Қатысушылар қорытынды кеште сертификаттарын алып, осындай сапалы семинарлар жиі-жиі болса екен деген ұсыныстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру