Маңғыстаулық полицейлер нәзік жандылардың мерекесін атап өтті
Маңғыстаулық полицейлер нәзік жандылардың мерекесін атап өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.
8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Маңғыстау облысы Полиция департаментінде мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев, департамент бастығы Аян Дүйсембаев, ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Нағашыбай Жариев және ведомстваның жеке құрамы қатысты. Арнайы қонақ ретінде қызмет бабында қаза тапқан қызметкерлердің аналары мен жұбайлары да шақырылды.
Облыс әкімі шара басында құқық қорғау саласындағы қиын да ауыр қызмет жүгін арқалап жүрген нәзік жандыларға құттықтау сөзін арнап, әрі қарай өзінің атынан алғыс хаттармен марапаттады.
Облыстың бас полицейі Аян Дүйсембаев жеке құрамның әйел қызметкерлеріне мінсіз қызметтері үшін алғысын білдіріп, Ішкі істер министрінің марапаттарын және өз атынан алғыс хаттар табыстады.
Шара әуезді әнмен жалғасын тауып, арнайы дайындалған мерекелік өнер көрсетулермен жалғасты. Қызмет бабында қаза тапқан қызметкерлердің аналары мен жұбайларына құрмет білдіру мақсатында мерекемен құттықтап, облыс басшысы мен бас полицейінің атынан гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етілді.