Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады

Түркістандық полицейлер балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы М.Қабденовтің тапсырмасымен облыс полицейлері “Балалар жылында” жақсылық пен қайырымдылық жасауды қолға алды. Яғни, мереке қарсаңында ТО ПД бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков Төлеби ауданы 1-Мамыр ауылында орналасақан “Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылы” КММ-ға барып қайтты. Онда жалпы 50-ден астам бала тәрбиеленуде.

А.Қалдарбеков балаларды сахнаға біртіндеп есімдерімен шақырып алып, қолдарына алдын ала өлшемдерімен дайындалған спорттық киімдер мен спорттық құралдарды табыс етті.

– Бала біздің болашағымыз десек, олардың толыққанды қамтамасыз етіліп, дұрыс тәрбие алғаны маңызды. Осы жылды ҚР Президенті “Балалар жылы” деп бекітті. Ендеше баршамыз балалардың қауіпсіздігі мен амандығы жолында қызмет ете берейік! Балалар сендер әрқашанда полицей ағаларыңның қамқорлығында боласыңдар. Ішкі істер саласына қабылданып, полицей болғыларың келсе қолдан келген көмекті аямаймыз. Сендердің болашақтарың бәрінен маңызды!, – деп атап өтті Асылжан Оспанұлы.

Балалар полицейлерге арнап концерт қойды. Домбырамен күй тартып, мың бұрала би биледі. Әуезді әуенмен алғыс туралы әндерді шырқап, полицей ағаларына алғыстарын жеткізді.

– Мен осы балалар үйінің тәрбиеленушісімін. Төлеби ауданының полицейлері бізге жиі келеді және бізді үнемі қолдап тұрады. Олар әр келген сайын бізді қуантып, сыйлықтарын алып келеді. Бұл жолы олар спорттық киімдер мен спорт құралдарын сыйлады. Біз оларды қуана қарсы аламыз. Полицей ағаларыма рақмет!, – деді ақ жарма тілегін жеткізген жасөспірім қыз Камила.

 

– Бүгінгі келген полицей ағаларға алғыс айтамын. Олар бізді қуантып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Көңілімізді көтерді. Олдардың жұмысына әрқашан табыс тілеймін, – деді тәрбиеленуші қыз Жанар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру