Қарағандыда мас такси жүргізушісі 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды
Қарағандыда мас такси жүргізушісі жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 наурызда облыстық жол полициясы басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қарағанды қаласының маңындағы ауданда қызмет етті. Шамамен сағат 20.30-да полицейлер жол жиегіне шығып кеткен көлікке назар аударды. Полиция қызметкерлері 40 жастағы ер адам басқарған көлікті тоқтатты. Жүргізушінің өзінен алкоголь иісі шыққан. Сараптама оның алкогольдік масаң күйде болғанын анықтады.
Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-ші бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материал сотқа жолданып, жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды.