Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының ПД басшылығы тұрғындарды жеке қабылдады

Түркістан облысының ПД басшылығы тұрғындарды жеке қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен полицияның халыққа жанашыр болуы аясында Түркістан облысының бас полицейі апта сайын тұрғындарды жеке қабылдайды.

Мұндағы мақсат – полиция мен халық арасындағы кері байланысты нығайту, ашықтықты қамтамасыз ету. Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің кезекті жеке қабылдауы ұйымдастырылды. Оны бас полицейдің тапсырмасымен бірінші орынбасары полиция Абдуғани Тойшыұлы өткізді.

Қабылдауда 10-нан астам тұрғынның мәселесі қаралды. Тиісті басшыларға тапсырмалар мен құқықтық кеңестер берілді. Олардың қатарында алаяқтық қылмысы бойынша істің дұрыс жүргізілмей жатқандығы туралы келген Төлеби ауданының тұрғыны Самат Ахметов те бар.

Оның айтуынша, өздері танитын ауылдасы әкесін алдап, бір миллион теңге көлемінде несие алып берсеңіз, кейін өзім төлеймін деп сендірген. Онымен қоймай, банктен мақұлдау алып, несие рәсімдеткізген. Осы оқиғадан кейін әкесі 10 күн уақыт шамасында өмірден өткен. Аталған алаяқтық іс бойынша құзырлы органдардың іс-әрекетіне көңілі толмаған тұрғын, бас полицейдің  жеке қабылдауына жазылып, мән-жайды түсіндірді.

Ал облыстың бас полицейінің тікелей тапсырмасымен А.Сейдуалиев аталмыш күрмеулі істің шешілуі үшін Төлеби АПБ басшысына тапсырмалар берді. Өз кезегінде қабылдауға көңілі толып, мәселесі оң шешімін тапқан тұрғын алғыс айтқысы келетінін жеткізді.

Ауыл арасында «ауылдың алаяғы» деп аталып кеткен тұрғын бар. Ол менің әкемді ғана емес, бірнеше адамды алдап, несие алдырып алған. Бүгіннің өзінде бес адамның арыз-шағымын тапсырдым. Келтірілген шығын төрт миллион теңгеден асады. Бұл іс бір ай алдын басталған болатын. Айтарым, қылмыскер жазасын алуы қажет. Алаяқ па, ол да заң аясында тиісті жазасын алсын! Осы сәтте жаңадан тағайындалған Мұрат Қабденов мырзаға алғыстан басқа айтарым жоқ. Осындай адал басшылар көбейе берсін, – деп атап өтті Самат Ахметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру