Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мал ұрысы” ЖПІШ: Шымкентте 105 мал сату орындары мен фермалар тексерілді

Шымкентте 105 мал сату орындары мен фермалар тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағында 1-10 наурыз аралығында мал ұрлығының алдын алу мен ашуға бағытталған “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында мал ұрлықтарына талдау жасалып, осы ұрлықтар көп орын алған жерлер анықталды және іс-шаралар өткізу барысында негізгі күштер мен құралдар сол аймаққа бөлінді.

Қала көлеміндегі барлық базарларда, соның ішінде ұрланған мал сатылуы немесе сатып алынуы мүмкін орындарда шұғыл тексеру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, іс-шара барысында ет өнімдерін алып сататын 94 дүкен, ет тасмалдайтын 86 автокөлік және 105 мал сату орындары мен фермалар тексерілді.

Шара барысында қала аумағында бір мал ұрлығы тіркеліп ашылды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде жалпы екі бас мал жайылымнан табылып, бір қылмыстың «ізі суытпай» ашылып, мал иелеріне қайтарылды, оның ішінде екі бас тана, бір бас қой.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру