Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мигрант” іс-шарасы: Ақтөбе облысында 90-нан астам адам жауапқа тартылды

Ақтөбе облысында 90-нан астам шетелдік пен Қазақстан Республикасының азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының аумағында 10-17 наурыз аралығында “Мигрант” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – заңсыз көші-қон арналарын анықтау, заңсыз еңбек қызметімен айналысатын шетелдіктерді анықтау және шетелдіктердің облыс аумағында болуын бақылауды күшейту.

Алғашқы күні көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 90-нан астам шетелдік пен Қазақстан Республикасының азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге бір шетелдік шығарылды. Полиция қызметкерлері қолданыстағы заңнама аясында көші-қон ағынын реттеу бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдап жатқанын атап өткіміз келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру