Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

Атырау облысында “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Мал ұрлығымен байланысты қылмыстарды ескерту және ашу бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатындағы іс-шара 1-10 наурыз аралығында өтті.

ЖПІШ жүргізу барысында мал және ет өнімдерін тасымалдайтын автокөліктер мен ет өнімдерін сататын базарларды тексеру үшін 10 топ құрылды. Олармен мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 331 автокөлік, мал және ет өнімдерін сататын 204 орын мен 489 рет шаруа қожалықтары тексерілді.

Шалғайдағы учаскелерді, қыстақтарды және ұжымдық шаруа қожалықтарына тексерулер жүргізу кезінде бір заңсыз сақталған атыс қаруы тәркіленді. Сонымен қатар, қару иелеріне азаматтық, қызметтік қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану және тасымалдау бөлігін бұзғаны үшін 18 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасақталып, 90 АЕК мөлшерінде 275 670 теңгеге айыппұл салынды.

Нәтижесінде, малдар мен ет өнімдерін құжаттарсыз тасымалдаудың – 26, ал мал мен ет өнімдерін құжаттарсыз сатудың 7 фактісі анықталып, 33 адам ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 260 АЕК мөлшерінде 796 380 теңгеге айыппұл салынды.

Сонымен қатар, ЖПІШ барысында ауыл шаруашылығы жануарларын иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз жаюдың 167 фактісі анықталып, 167 тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына сай әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 93 АЕК мүлшерінде 284 859 теңгеге айыппұл салынды.

– Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде мал ұрлығымен айналысқан бір қылмыстық топ (2 адамнан құралған) пен алты тұлға анықталып, оларға қатысты барлығы 6 мал ұрлығы қылмысы дәлелденіп, оның ішінде екеуі өткен жылдағылар санатынан, төртеу бұрын жасалған мал ұрлықтары, 20 бас мал иелеріне қайтарылды, оның ішінде 5 жылқы, 5 ірі қара және 10 ұсақ мал. “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасының қортындысымен ҚР Ішкі істер министрлігінің Біріктірілген деректер банкісінің “Есептегі элемент” есебіне 16 адам “мал ұрысы”, 13 тұлға “мал союшы”, біреуі “ұрланған малды сатушы” санаттары бойынша есепке алынды, – деді Атырау облысы Полиция департаменті Нұрхат Оразбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру