Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер көлігі жолда бұзылып қалған тұрғындарға көмектесті

Түркістандық полицейлер көлігі жолда бұзылып қалған тұрғындарға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Бәйдібек ауданына қарасты таулы аймақтардың бірінде жол бойында тоқтап тұрған Opel Vectra көлігін көріп, жанына жақындайды. Жүргізушіден қал-жағдайын біліп, қандай да бір көмек керек пе деп жөнін сұрайды.

Белгілі болғандай, көлігі бұзылған жүргізуші бір сағаттай жол бойында тұрып қалған көрінеді. Содан тәртіп сақшылары бірден әрекет етіп, жүргізушімен оның ата-анасын қызметтік көлікпен 10 шақырым жердегі туыстарының үйіне жеткізіп көмек берді.

– Шымкент қаласынан туыстарымыздың үйіне шыққан болатынбыз. Содан көлігіміз бұзылып, жарты жолда қалдық. Полиция қызметкерлері қиын жағдайда қалғанымызды көріп, бізді ойлаған жерімізге жеткізді. Алла разы болсын! Осындай қиналғанда қолдау білдіретін жігіттеріміз көп болсын! Жұмыстары алға бассын, – деп шынайы ризашылығын білдірді жүргізушінің анасы.

Жүргізуші мен оның отбасына жәрдем еткен учаскелік полицейлер Ерсін Нұрдаулет пен Ерболат Қыдырәлі екені анықталды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру