Павлодарда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
Павлодарда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпан айында Павлодар қаласының жетекші кентінде Ankai автобусының 59 жастағы жүргізушісі 62 жастағы жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен.
– Жол-көлік оқиғасы салдарынан II-ші топтағы мүгедек ауыл тұрғыны жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары дереу «ұстау» жоспарын енгізді, полиция қызметкерлері барлық аула, гараж кооперативтерін тексерді. Бейнекамералардан жазбалар зерттелді.
– Арнайы іс-шаралар кешенін өткізу нәтижесінде, полиция қызметкерлері 59 жастағы жүргізушіні анықтап, ұстады. Оның айтуынша, ол жауапкершіліктен қорыққан. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 347-бабы (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп атап өтті полицияда.