Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте түнгі уақытта көшеде жүрген 15 жасөспірім анықталды

Шымкентте түнгі уақытта көшеде жүрген 15 жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби АПБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік шаралар ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандардың алкоголь мен зиянды заттарды тұтынуын болдырмау, олардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта үйлерінен тыс жерде жүруін және ойын-сауық орындарында болу фактілерін анықтау және жолын кесу.

Рейд барысында түнгі уақытта көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген 15 жасөспірім анықталды. Олардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша жауапкершілікке тартылды.

Осы орайда Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ата-аналардан түнгі уақытта жасөспірімдерді қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру