Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда гараждан ұрлық жасаған күдікті құрықталды

Теміртауда гараждан ұрлық жасаған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қаңтар күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 23 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші арызында белгісіз біреу кілт таңдау арқылы оның гаражына кіріп, мотоблок құрылғысын ұрлап кеткендігін хабарлаған. Оған келтірілген шығын көлемі 230 мың теңгені құраған.

9 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру