Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада дүкендегі терминалды бұзып, ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Қызылордада дүкендегі терминалды бұзып, ақша ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі жедел уәкілдерінің кәсіби шеберліктері мен қырағылықтары нәтижесінде, ақша ұрлығы «ізі суымай» ашылды.

11 наурыз күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны арызданған болатын. Белгісіз адам қала аумағында орналасқан азық-түлік дүкендерінің бірінде тұрған терминалды бұзып, 160 мың теңгені ұрлап кеткен.

Жедел мәлімет бойынша полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру