Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Пробация” іс-шарасы: СҚО-да жазаны өтеу шарттарын бұзған сотталған анықталды

СҚО-да “Пробация” іс-шарасы аясында жазаны өтеу шарттарын бұзған сотталған анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты М. Жұмабаев аудандық пробация қызметі бөлімімен 14-23 наурыз аралығында “Пробация” профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараны өткізу барысында аудан бойынша пробация қызметі бөлімінің төрт қызметкері және М. Жұмабаев ауданы ПБ жергілікті полиция қызметінің 16 учаскелік полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Бұл іс-шараның мақсаты – пробация бөлімінде есепте тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру және қылмыстық құқық бұзушылықтарға қайта жол бермеу жөнінде алдын алу әңгімелерін жүргізу.

М. Жұмабаев аудандық пробация қызметі бөлімінің есебіне 53 сотталған тіркелген. Сотталғандар жазаны өтеудің шарттары мен тәртібін орындаудан жалтарған жағдайда, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасы бас бостандығын айыру түріндегі жазаға ауыстыру бойынша сотта қарастырылатыны жайлы оларға ескертіледі.

Сондай-ақ, пробация бөлімінің қызметкерлерімен сотталғандар тарапынан орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында халықтың көп шоғырланған жерлері жиі тексеріледі.

Аталған іс-шара барысында жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзған сотталған анықталды. Оған қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығын айыру жазасына ауыстыру және жаза мерзімін созу бойынша материалдар аудандық сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру