Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұрттық полицейлер заңсыз жүрген 30-дан астам шетел азаматын анықтады

Қазығұрттық полицейлер заңсыз жүрген 30-дан астам шетел азаматын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Мигрант» іс-шарасы барысында қазығұрттық полицейлер аймақтағы шетелдіктер көп тұратын және келетін орындарға, атап айтқанда, базарларға, құрылыс нысандарына, автобекеттерге және көші-қонды ұйымдастырушылар мен арналарға тексеріс жүргізді. Тыңғылықты жұмыстар нәтижесінде, тәртіп сақшылары аудан аумағында заңсыз жүрген Өзбекстан Республикасының 36 азаматын анықтады.

Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Қазіргі таңда 36 шетел азаматына заңды шешім қабылдау үшін Қазығұрт аудандық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері профилактикалық шараға сәйкес тек құқық бұзушылықты анықтап қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын да жиі жүргізіп отырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру