Түркістан облысының полицейлері жол қозғалысына қатысушыларды сақ болуға шақырады
Түркістан облысының полицейлері жол қозғалысына қатысушыларды сақ болуға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жолаушыларға ауа райының нашарлауына, күннің суытуына, қатты жел мен қардың түсуіне байланысты республикалық және облыстық маңызы бар кейбір трассалар көлік қозғалысы үшін қауіпті екенін ескертеді.
Атап айтқанда, Түлкібас, Созақ, Бәйдібек, Қазығұрт аудандарында қар, ал кейбір жерлерде қар аралас жаңбыр түсуде. Сондықтан ауа райының тосын мінезін ескерген патрульдік полиция батальонының полицейлері республикалық және облыстық маңызы бар жолдарды патрульдеуде.
Алматы – Ташкент – Термез тас жолының Түлкібас, Сарыағаш бағытына қарай қарлы-боран соғып тұр. Демек, мұндай уақытта жол көлік оқиғасының орын алуы әбден мүмкін. Сондықтан бүгінгі таңда тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларының алдын алумен қатар, жолда қалып қойған автокөліктер мен адамдарға көмек көрсету бойынша жұмыстар атқаруда.
Айта кететін жайт, Түркістан облысының полицейлеріне департамент бастығы М. Қабденов 19 наурыздан бастап 29 наурызға дейін жолдарды патрульдеуге тапсырма берген. Басшылықтың тапсырмасына сәйкес бүгінгі таңда тәртіп сақшылары 24 сағат бойы ауысыммен жолдарды патрульдеуде. Өз кезегінде тәртіп сақшылары елді мекендерден тыс жерлерге шығу қиындық туғызатынын және азаматтарға алыс сапарларға бармауға кеңес береді, шұғыл қажеттіліксіз алысқа шықпаған жөн. Тәртіп сақшылары жолаушылардың амандығы үшін жолдарда кірпік ілместен қызмет етуде.