Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полиция есебіне 25 жасөспірім қойылды

Ақтөбеде полиция есебіне 25 жасөспірім қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктерді, темекі бұйымдарын өткізу фактілерінің жолын кесу мақсатында 24-27 наурыз аралығында облыс аумағында “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.

Нәтижесінде, жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні полиция бөлімдеріне 74 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, 50 жасөспірім сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған, қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін бір кәмелетке толмаған бала жауапқа тартылды, 9 ата-ана кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полицияның есебіне 25 жасөспірім және 19 қолайсыз отбасы қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру