Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер ҚР Президентінің жолдауын талқылады

Шымкенттік полицейлер ҚР Президентінің жолдауын талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы ПД-де ҚР Президентінің “Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы” атты жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында қаланың бас полицейі Қайрат Дәлбеков жеке құраммен кездесу өткізді.

– Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына жолдауында “Мықты Президент – беделді Парламент – есеп беретін Үкімет” қағидатын басшылыққа алып, осы стратегиялық мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін нақты бастамалар ұсынды. Оның ішінде президент өкілеттілігі, сайлау жүйесін жетілдіру, партиялық жүйені дамыту, әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру, дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін шаралар және құқық қорғау институттарын күшейту туралы міндеттемелері бар, – деді Қайрат Дәлбеков.

Жиын барысында ол Мемлекет басшысының жолдауда атап өткен нақты мақсаттары мен жоспаларына жеке-жеке тоқталып, бұл туралы полиция қызметкелерінің пікірін тыңдады.

Сондай-ақ, кездесу соңында ПД бастығы президент жолдауын жүзеге асыру барысында әріптестерінің іскерлігі мен біліктілігіне сенім білдіретінін айтып, жиынды қорытындылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру