Қоймадан 90 жөргек ұрлаған ақтөбелік ұсталды
Қоймадан 90 жөргек ұрлаған ақтөбелік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурыз айының ортасында акционерлік қоғам филиалының бірінің қоймасынан төрт қорап, яғни 90 жөргек ұрланған болатын.
Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында қойма аумағында орналасқан бейнебақылау камераларының көмегімен 23 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.
Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті 2021 жылдың желтоқсан айының соңында осы қоймадан үш қорап жөргек ұрлағанын мойындады. Жалпы шығын 100 мың теңгеден асты.
Ұсталған адам ұрланған жөргектерді сатқанын мойындады.
ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.