Ақтөбеде банк қызметкері Telegram арқылы тұрғынды алдап кетті
Ақтөбеде банк қызметкері Telegram арқылы тұрғынды алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 ақпанда белгісіз адамдар интернет ресурстарын пайдаланып, Telegram қосымшасы арқылы ақша айналдыру сылтауымен 21 жастағы банктердің бірінің менеджерінің ақшасын иемденген. Шығын 55 мың теңгені құрады.
Криминалдық полиция қызметкерлері қала маңындағы кенттің 18 жастағы екі тұрғыны анықтап, ұстады. Күдіктілер кінәсін мойындады.
ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.