Жайық өзеніне түскендер әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Жайық өзеніне түскендер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 наурыз күні сағат 14:43 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Жайық жағалауында белгісіз адамдардың суға түсіп жатқандығын байқап, дереу учаскелік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.
Тәртіп сақшылары тексеру кезінде белгіленбеген жерде суға түскен 33 және 42 жастағы екі ер азаматты анықтады.
Олар ҚР ӘҚБтК-нің 364 бабымен (Тыйым салынған жерлерде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын көлемді кемелермен және басқа да жүзетін құралдармен жүзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.