Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда үйінің шатырында сора өсірген күдікті анқыталды

Атырауда үйінің шатырында сора өсірген күдікті анқыталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 ​наурыз күні Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері тиым салынған есірткі өсімдігін сақтаумен айналысқан күдіктіні ұстады.

– 49 жастағы азамат өзінің үйінің шатырында сора өсімдігін сақтаумен айналысқан. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттың салмағы 1 келі 100 грамды құрады, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы​ Нұрхат Оразбаев.

Қазіргі уақытта құрамында есірткісі бар өсімдіктерді сақтау деректері бойынша 49 жастағы күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру