Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық тұрғын жұмысқа тұрмақ болып 1,4 млн теңгесінен айырылды

Қарағандылық тұрғын жұмысқа тұрмақ болып 1,4 млн теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқрмасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 58 жастағы қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғандығы туралы арызбен шағымданған.

Белгілі болғандай, жәбірленуші азаматша өзіне ыңғайлы жұмыс іздеген. Діттеген мақсатын орындап беремін деген делдал да пайда болып, жұмысқа тұрғызу үшін ақша сұраған. Жәбірленуші өтінішін орындайды деген мақсатпен делдалға 1,4 млн теңге ақша ұстатқан. Алайда ойда жоқта қомақты ақшаға тап болған алаяқ жәбірленушімен байланысын үзіп ұшты-күйлі ізім-қайым болған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

28 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы азаматша ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру