Қазығұрт тұрғынын өзін сот орындаушысы деп таныстырған алаяқ алдап кетті
Қазығұрт тұрғынын өзін сот орындаушысы деп таныстырған алаяқ алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазығұрт АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, өткен жылдың тамыз айында оны бейтаныс азамат алдап кеткен. Яғни, алаяқ өзін сот орындаушымын деп таныстырып, алиментке төлейтін берешек ақшасын жойып беретінін айтып, қызметіне 300 мың теңге ақша алған. Алайда берілген уәде орындалмай, бір жылға созылған.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды.
Алаяқтық қылмысына байланысты полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде, осы жайтқа қатысы бар ер азамат ұсталды. Ол ешқандай жерде жұмыс істемейтін жергілікті тұрғын болып шықты.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде полиция қызметкерлерімен күдіктінің басқа да алаяқтыққа қатыстылығы анықталуда.