Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны жоғалған итін тауып берген полицейге алғыс айтты

Павлодар облысының тұрғыны жоғалған итін тауып берген полицейге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына Ақсу қаласы тұрғынынан жоғалған итін тапқан полиция қызметкері Ержан Балтабаевқа шын жүректен алғыс білдірген хат келіп түсті.

Қала тұрғынының айтуынша, 30 наурызда қатты жел кезінде Гагарин көшесіндегі үйдің қақпалары ашылып, ит белгісіз бағытта қашып кеткен. Өз іздеулері сәтсіз болды. Келесі күні таңертең тұрғын байланыс телефондарын көрсете отырып, иттің жоғалғаны туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі қалалық көпшілікке хабарландыру берді.

– Сол күні сағат 19:30-да ер адам қоңырау шалып, суреттегіге ұқсайтын ит тапқанын айтты. Уақытты жоғалтпай, мен бірден мекенжайға бардым. Табылған ит менікі болды, бақытымызға орай, оған ештеңе болған жоқ, – деді Алексей хатта.

Жедел кезекші Ержан Балтабаевтың айтуынша, Instagram әлеуметтік желісінде иттің жоғалғаны туралы хабарландыруды байқап, назарға алған.

– Кешке аулалардың бірінде көшеде кезіп жүрген итті байқадым. Хабарландыруда көрген итке ұқсаттым. Көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалдым. Мамандығымның ерекшелігіне сай, ең алдымен иесіз жүрген иттерге мән беремін, өйткені олар балалар мен ересектерге шабуыл жасады. Мен көмектесе алғаныма қуаныштымын, – деді Ержан Балтабаев.

Алексей Шипачев өз хатында полиция қызметкері Ержан Балтабаевқа немқұрайлы қарамағанына, жедел әрекет етіп, қырағылық танытқаны үшін зор алғысын білдіріп, зор денсаулық, отбасына амандық, қызметіне табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру