Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстанда іздеу жарияланған зейнеткер мен 10 жастағы бала табылды

Шығыс Қазақстанда іздеу жарияланған зейнеткер мен 10 жастағы бала табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 наурызда Алтай ауданының ПБ кезекші бөліміне хабар-ошарсыз кеткен 63 жастағы аудан тұрғынының 61 жастағы туысы хабарласып, оның Халықаралық әйелдер күні кешкісін үйінен шығып кетіп, қайта оралмағаны жайлы хабар етті.

3 күн бойы тәртіп сақшылары әйелді іздеген. Полиция қызметкерлері жоғалған адамды іздеуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, 19 наурызда ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алтай ауданының ПБ қызметкерлерімен бірге оның орналасқан жерін анықтады.

Тергеу барысында әйел туыстарымен ұрысып, құрбысына тұруға кетіп қалғаны анықталды.

Қазіргі уақытта ол үйіне қайтарылды.

Осы жылдың наурыз айының соңында Шығыс Қазақстан облысының криминалдық полиция қызметкерлері тағы бір жоғалған адамды тапты. Бұл жолы туыстарын әуреге салған облыс орталығындағы орта мектептің 10 жастағы төртінші сынып оқушысы, ол 24 наурыздың түскі уақытында мектептен кетіп, үйіне келмеген.

Өскемен қалалық ПБ ЖБО “102” жедел арнасына қызын іздеуге көмек көрсетуді өтінген мектеп оқушысының анасы жүгінді. Өтінішті қабылдай салысымен, ШҚО ПД жеке құрамы дереу жұмылдырылды.

Іздестіру шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары жоғалған қызды сол күні тапқан.

Тексеру кезінде кәмелетке толмаған адасып, басқа астобусқа отырып, Өскемен қаласының Октябрьский кентіне кетіп қалғаны анықталды. Қазіргі уақытта бала анасының қарамағында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру