Түркістан облысында екі жүк көлігі соқтығысты
Түркістан облысында екі жүк көлігі соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 сәуір күні Түркістан қаласында ауыр жүк көліктерінің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды. Жол апаты болған жерге бірден тәртіп сақшылары шықты.
Полицейлердің анықтауы бойынша, Түркістан облысы Сауран ауданы аумағында Шымкент-Самара тас жолының 135 шақырымында бір бағытта кетіп бара жатқан Renault Magnum кран ауыр жүк көлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысқан.
Яғни, 25 тонналық Renault Magnum ауыр жүк көлігінің соңынан келе жатқан ресейлік Volvo жүк көлігінің жүргізушісі қалғып кетіп, жүк көлігінің артынан келіп соққан. Салдарынан жүк көлігінің тіркемесінде тұрған кран аударылып кеткен.
Жақын маңда патрульдеп жүрген Түркістан облысының патрульдік полицейлері бірден оқиға орнына жетіп, жүргізушілерге көмектесті. Хал-жағдайын біліп, оларды қауіпсіз жерге алып шықты.
Анықталғандай, Volvo жүк көлігінің ішінде Ресей Федерациясының жүргізушісі болған. Екі ауыр жүк көлігінің жүргізушілері зардап шекпеген, тек көліктерге материалдық шығын келген.
Бүгінгі таңда аталған жол-көлік оқиғасы бойынша Сауран аудандық полиция бөлімінің полицейлерімен тексеру жұмыстары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның толық мәнжайы анықтауда.