Таразда екі жігіт наубайханы 15 млн теңгеге тонап кетті
Таразда екі жігіт наубайханы 15 млн теңгеге тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Наубайханадан қымбат техниканың ұрланғаны туралы өтінішпен полицияға 40 жастағы кәсіпкер жүгінді.
Жәбірленушінің айтуынша, бұл кәсіпорын 2021 жылдан бері жабық тұрған, ал 16 наурызда сапардан келген наубайхана иесі құны 15 млн теңге тұратын мүліктің жоғалғанын анықтаған.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Жамбыл облысының 18 және 21 жастағы тұрғындарын анықтап, ұстады.
Ұсталғандарға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, тергеу жүргізілуде.
Күдіктілер ұрлаған барлық техниканы металл сынықтарын қабылдау орнына 60 мың теңгеге өткізген.