Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебіндегі сотталғандарға электронды білезіктер қолданылады

Қызылордада пробация есебіндегі сотталғандарға электронды білезіктер қолданылатын болады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің аудандық, қалалық пробация қызметінің есебіндегі сотталғандарға электронды білезіктер алынды.

ҚАЖ департаментінің пробация қызметіне басшылық жасау тобының аға инспекторы Сәбигүл Тлеуованың айтуынша, электронды білезіктер жазаны өтеу шарттарын жүйелі түрде бұзатын және бірнеше ескертулері бар, сынақ мерзімі ұзартылғандар мен кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін сотталғандарға тағылады.

– Бұл электронды білезік сотталғандарды бақылау жасауға, тұрғылықты мекенжайын тастап кетпеуге, қайта қылмыстық алдын алуға септігі мол. Білезік тағылған сотталғандарды пробация инспекторлары арнайы планшеттер арқылы бақылайды, егер сотталған жаза өтеу тәртібін бұзса немесе білезікті өздігінен шешуге тырысса, дабыл сигналы тәрізді белгі түседі. Қазіргі таңда аудандық, қалалық пробация қызметінің есебінде 900-ден астам сотталған есепте тұр. Электоронды білезіктер 30 сотталғанға қолданылады, – дейді Сәбигүл Тлеуова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру