Дүңгіршектен ақша жымқырған қызылордалық ұсталды
Дүңгіршектен ақша жымқырған қызылордалық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 сәуір күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөліміне 35 жастағы қала тұрғыны арызданған болатын.
Белгілі болғандай, 2 сәуір күні сағат 14:30 шамасында жәбірленушінің қала аумағында орналасқан базарлардың бірінде әйелдер киімін сататын дүңгіршектен сөмке ішінде тұрған 250 мың теңге ақшасын ұрлап кеткен.
Тасбөгет полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы іздестіру шараларын жүргізіп, 36 жастағы облыс орталығының тұрғынын құрықтады. Ол толықтай өз кінәсін мойындады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті азаматтың өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.