Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда пәтер сатып алуға көмек ұсынған алаяқ ұсталды

Жезқазғанда пәтер сатып алуға көмек ұсынған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 ақпан күні Қарағанды облысы Жезқазған қаласының Полиция басқармасына 28 және 40 жастағы қала тұрғындарынан өтініш келіп түсті. Белгілі болғандай, олар белгілі бір адамның алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болған.

Жәбірленушілер пәтерлерді қолайлы бағамен сатып алуды жоспарлап, оларға көмектесуге уәде берген делдалмен кездескен. Алайда өтініш берушілердің біреуінен 4,5 млн теңге, ал екіншісінен – 3,5 млн теңге алғаннан соң, «көмекші» байланысқа шығуды тоқтатқан.

ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

30 наурызда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті ретінде 34 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру