Маңғыстауда жыл басынан бері 18 мыңнан астам ЖҚЕ бұзу фактісі анықталды
Маңғыстау облысында жыл басынан бері 18 мыңнан астам ЖҚЕ бұзу фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Азаматтардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтау мақсатында Маңғыстау полицейлері ұдайы негізде жүйелі қызмет атқаруда. Қарсы жолаққа шығу, маневр жасау ережелерін бұзу және жол-көлік оқиғаларының өсуіне әсер ететін басқа да фактілерді анықтауға ерекше назар аударылады.
Жыл басынан облыс бойынша жол сақшыларымен барлығы 18 170 жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі анықталды. Атап айтсақ, 1 867 жаяу жүргiншi жол жүрісі қағидаларын бұзған. Ал 307 жүргізуші заң талаптарына бағынбай, жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Үш айда автокөлік басқару кезінде ұялы телефон қолданған 2 200 жүргізушіге, қауіпсіздік белдігін тағуды ескермеген 4 066 жүргізушіге әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін елемей, қарсы қозғалыс жолағына шыққан 27 жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігімен жазаланды.