Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жеңгесінің телефонын ұрлаған жігіт ұсталды

Түркістан облысында жеңгесінің телефонын ұрлаған жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ-ға арызданған жергілікті тұрғын телефонының ұрланғанын жеткізген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, аудан орталығындағы дәмханадан Galaxy A02 телефонын белігісіз біреулер алып кеткен.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Бұл ұрлық қылмысын ашу мақсатында полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, арызданушының туыстары мен таныстарынан жауап алды.

Нәтижесінде, сайрамдық полицейлер күдікті азаматты анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Белгілі болғандай, ұрлаған азамат жәбірленушінің қайын інісі болып шықты. Ол жеңгесінің үстел үстіне қойып кеткен телефонын көріп, өз арам ойын жүзеге асырған.

Сайрамдық полицейлер қолды болған телефонды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру