Түркістан облысында үй ауласынан жылқыларды ұрлап кеткен шымкенттік ұсталды
Түркістан облысында үй ауласынан жылқыларды ұрлап кеткен шымкенттік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шардара аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адам оның қараусыз тұрған үйіне кіріп, ауласында жүрген 500 мың теңгенің екі бас жылқысын түнгі уақытта ұрлап кеткен. Оны жәбірленушіге көршісі хабарлаған.
Яғни, әлдекімнің КАМаз жүк көлігіне тиеп жатқан жылқыларды байқаған. Осыдан соң көршісіне хабар берген. Хабар алысымен жергілікті тұрғын, полицейлерден көмек сұрады.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.Тұрғынның үйінде қараусыз тұрған малын жымқырған күдіктіні ұстау мақсатында учаскелік полицейлер оқиға орнына бірден жетті. Тәртіп сақшылары куәлардан жауап алып, сұрастыру жұмыстарын жүргізді.
Осылайша мал иесімен бірге жан-жақты дұрыс бағытта жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, күдікке ілінген ер адам ұсталды. Ол бұрын сотты болған Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.
Осылайша өз арам ойын іске асырмақ болған ер азамат үй иесінің жоқтығын пайдаланып, жылқыларын жымқырған. Алайда полицейлердің кәсіби шеберлігінің арқасында күдікті ұсталды.
Оның үйінен екі бас жылқы тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сезікті деп танылған азамат қамауда. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.