Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының инспектор-психологтары полицейлерге дәріс өткізді

Түркістан облысының инспектор-психологтары полицейлерге дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының инспектор-психологтары Жанерке Ибраимова мен Сұлушаш Көшімбетова, Дін істері басқармасының дінтанушы теолог маманы Тағай Айбек Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлеріне дәріс өткізді.

Аталмыш шара тәртіп сақшылары арасында діни сенімді зерттеу, имандылық пен құқықтар бостандығын қорғау мақсатында өтті. Дәріс барысында полицейлердің діни сауаттылығын анықтау үшін арнайы дайындалған сауалнама сұрақтары беріліп, интеллектуалдық ойындар ойнатылды.

Іс-шарада қоғамдағы өзекті мәселелер қозғалып, әріптестер пікір алмасты. Мұндай ерекше кездесулердің ішкі істер саласындағы қызметкерлерге берері мол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру