Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада кепілдегі көлікті алаяқтықпен сатқан ер адам анықталды

Қызылордада кепілдегі көлікті алаяқтықпен сатқан ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағым түсірді. Жәбірленушінің арызы бойынша ол Nissan Maxima көлігін 1,3 млн теңгеден астам ақшаға сатып алған.

Құжаттарын рәсімдеу мақсатында ол өзіне сатылған көліктің қаржы ұйымында кепілде тұрғанын анықтаған. Жедел-іздестіру іс-шараларын нәтижесінде осы іске қатысы бар облыс тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру