Теміртауда досының банк картасын ұрлап кеткен ер адам ұсталды
Теміртауда ер адам досының банк картасын ұрлап кетіп, дүкеннен сауда жасаған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
12 сәуір Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 25 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол өзінің банк картасын белгісіз біреудің ұрлап кеткенін, оның көмегімен бірнеше дүкеннен сауда жасағанын хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер "ізін суытпай" күдікті 41 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ұсталған күдікті жәбірленушінің досы болып шықты. Ол мойындау көрсетпелерін берді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.