Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері қарттар үйін тазалап берді
Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері қарттар үйін тазалап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Таразда ЖД-158/5 мекемесінің бастығы Бақытжан Шарипбековтың бастамасымен қасиетті Рамазан айында шаһардағы қарттар үйіне қайырымдылық көрсетілді. Шара аясында мекемедегі жазасын өтеушілер ауладағы күл-қоқыстарды шығарып, сыпырып, тазалап берді. ҚАЖ қызметкерлерінен ықпалымен ауласының тазаланғанына қарттар да дән риза.
– Ұзақ жылдар өңірді өркендету саласында еңбек еттім. Қазір осы үйде тұрып жатырмын. Жуырда түзеу мекемесінің басшылығы хабарласып, көмектесетіндерін айтты. Жастардың қамқорлығына риза боп, қуана қарсы алдық. Ерте көктемнен бері тазартылмаған ауланың ажары кіріп қалды. ҚАЖ қызметкерлеріне және тазалыққа атсалысқан әрбір жанға алғысым шексіз, – деді жасы сексеннен асқан Света әжей.
Айта кетейік, жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері тұрақты түрде қайырымдылық акцияларына қатысып тұрады.