Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда кәсіпорынға 1,4 млн теңге шығын келтірген ұры ұсталды

Қарағандыда кәсіпорынға 1,4 млн теңге шығын келтірген ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 сәуірде Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне 39 жастағы қала тұрғынының өтініші келіп түсті. Әйел кәсіпкерлікпен айналысатынын және меншігінде өндірістік базасы бар екенін хабарлады. Белгісіз біреу пластикалық терезе арқылы кәсіпорынға кіріп, екі радиаторды, профлистерді, шойын төсемдерді ұрлады. Шығын 1,4 млн теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 37 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды.

ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру