Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында бірнеше қылмыстың беті ашылды

Қарағанды облысында бірнеше қылмыстың беті ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 сәуірде Теміртау қаласы ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 32 жастағы қала тұрғынының өтініші келіп түсті. Ол түнгі уақытта белгісіз адам көп қабатты үйдің ауласында тұрған көлікті ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 700 мың теңгені құрады.

14 сәуірде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 26 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Ол өтініш берушінің көлігін басқа көлікке ауыстырғанын айтып, қылмысын мойындады. Ұрланған көлік алынып, жәбірленушіге қайтарылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тағы бір оқиға 12 сәуірде Қарағанды қаласында орын алды. Теміржол полиция бөліміне 43 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Әйел бірнеше күнге жол жүріп кеткенін айтты. Осы жағдайды пайдаланған белгісіз адам терезе әйнегін сындырып, үйге кірген. Қаскөй ноутбук пен ақшаны ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 250 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 42 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды.

ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

4 қаңтарда Орталық полиция бөліміне қала аудандарының бірінде тонау болды деген хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Қылмыс дөрекі сипатта болғаны анықталды.

51 жастағы жәбірленуші ер адам 16.00 шамасында сауналардың бірінің ғимаратына жақындағанда күтпеген жерден белгісіз біреу шабуыл жасағаның түсіндірді. Қаскүнем жәбірленушіге дене жарақатын салып, ұялы телефонды, құлаққапты, көзілдірік пен ақшаны алып, қашып кеткен. Шығын 32 мың теңгені құрады.

14 сәуірде жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 55 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Заттай дәлел – жәбірленушінің ұялы телефоны тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҚК 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру