Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде қоғамдық көліктің жүргізушісі есірткілік масаң күйде ұсталды

Ақтөбеде қоғамдық көліктің жүргізушісі есірткілік масаң күйде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 сәуір күні «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде патрулдік полиция қызметкерлері Рыскұлов көшесінде жол ережесін бұзған №7 бағытындағы ПАЗ қоғамдық көлігінің жүргізушісін тоқтатты.

Құжаттарын тексеру кезінде жүргізушінің жағдайы күдік тудырды, кейін медициналық куәландыруға жіберілді, жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғаны анықталды.

Қоғамдық көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. 52 жастағы жүргізуші жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

«Автобус» жедел алдын алу іс-шарасының екі күні ішінде 140 әкімшілік бұзушылықтар анықталды, оның ішінде жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзған – 25, маневр ережесін бұзған – 15, ұялы телефон қолданған – 11, қарсы бағыттағы жолаққа шыққан екі қоғамдық көлік жүргізушісі бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру