Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балалар арбасын ұрлап кеткен әйелдің әрекеті камераға түсіп қалды

Нұр-Сұлтанда қонақтан қайтып бара жатқан әйел үй кіреберісіндегі балалар арбасын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалар арбасының ұрлануына қатысты полицияға Потанин көшесінде тұратын елорда тұрғыны арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, құны 50 мың теңге тұратын балалар арбасы бейнебақылау камераларымен жабдықталған үй кіреберісіндегі баспалдақ алаңының астында тұрған.

Іздестіру шараларын жүргізу барысында “Сарыарқа” ауданының полиция қызметкерлері 57 жастағы әйелді ұстады.

Ол өзінің танысына ауызашарға қонаққа келгені анықталды. Күдікті түнде қайтып бара жатып, кіреберісте тұрған балалар арбасын көріп, өз қажеттілігіне қолдану мақсатында ұрлап әкеткен.

Арба иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру