Жұмысқа орналасқысы келген семейлік қомақты қаражатынан айырылды
Жұмысқа орналасқысы келген семейлік қомақты қаражатынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурыз айының ортасында полиция қызметкерлері 2021 жылдың тамызынан қазан айы аралығында орын алған алаяқтық фактісін анықтады. Қаскөй 49 жастағы Семей қаласының тұрғынын жұмысқа орналасу сылтауымен 3,4 млн теңгеге жуық ақша қаражатын иемденіп алған.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде ШҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері 57 жастағы құрылыс компаниясының директорын анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізген. Жауап алу кезінде кінәсін мойындады.
Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.