ШҚО-да пробация есебіндегі сотталған ҚАЖ қызметкеріне пышақпен шабуыл жасаған
ШҚО-да пробация есебіндегі сотталған ҚАЖ қызметкеріне пышақпен шабуыл жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Пробация қызметінде есепте тұрған сотталған билік өкіліне пышақпен шабуыл жасап, қорлағаны үшін жазаға тартылды. Тәртіп бұзушыға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Апелляциялық сатыдағы сот мемлекеттік айыптаушының қатысуымен ҚР ҚК 378-бабы бойынша Шығыс Қазақстан облысының 40 жастағы тұрғынына қатысты билік өкілін өз қызметтік міндеттерін орындау кезінде қорлағаны үшін айыппұл түрінде жаза тағайындаған сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.
Тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде есепте тұрған адам пробация қызметкерінің заңды талаптарын орындамады және оған қарсылық көрсете отырып, оған пышақпен шабуыл жасады. Сондай-ақ, билік өкілінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын сөздер айтқан.
Апелляциялық шағымда сотталған өзінің кінәсіздігін талап етіп, шығарылған үкімнің күшін жоюды сұрады, алайда апелляциялық сатыдағы сот істегі бар дәлелдемелерді тексеріп, шағымның дәлелдерін жарамсыз деп таныды және сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.
Айта кетейік, аталған тұлға ҚР ҚК 188-бабы бойынша пробация қызметінде есепте тұр. Ол бұрын азық-түлік дүкендерінде бірнеше рет ұрлық жасаған.