Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жыл басынан полицейлерге қатысты күш қолданудың 13 фактісі тіркелді

СҚО-да жыл басынан полицейлерге қатысты күш қолданудың 13 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл полицейлері ерлі-зайыптыларды тыныштандыру кезінде қол кісендерін қолдануға мәжбүр болды.

Билік өкіліне қатысты күш қолдану – ауыр қылмыстық құқық бұзушылық, ол үшін қатаң жауапкершілік қарастырылған. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай жағдайлардың басым көпшілігі көбінесе полиция құқық бұзушылардың маскүнемдік әрекеттерін тоқтатып, оларды медициналық куәландыруға жеткізген кезде жасалады. Ішімдікті асыра сілтеген адамның әрекеттерінің салдары ауыр жәйттерге апарып соғуы мүмкін. Мысалы, маусым айында Петропавл полицейлері ерлі-зайыптыларды тыныштандырып, қол кісендерін қолдануға мәжбүр болды. Оқиға сағат 07:00 шамасында, қалалық дәмханалардың бірінің жанында болған. Әбден мас болған ер адамның қылығына полицияның әрекет етуі қажет болды. Ер адам медициналық куәландырудан өту туралы заңды талапты орындаудан бас тартты, ал әйелі полиция қызметкерінің білегінен тістеді.

– Екеуіне де қол кісендерін қолдануға тура келді. Нәтижесінде 38 жастағы қала тұрғыны сотталды. Сот оның қылмыстық жауапкершілікке алғаш рет тартылып отырғанын ескеріп, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады және осы мерзімге пробациялық бақылау орнатты. ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес, билік өкілдеріне қатысты өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін екенін есте ұстаған жөн, – дейді СҚО ПД Тергеу басқармасының бастығы Қайрат Қасымбеков.

Жыл басынан бері СҚО-да ҚР ҚК 380-бабы бойынша 13 факті тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру