Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер көлігінде 2 бірдей тапанша мен оқ-дәрі сақтаған тұрғынды анықтады

Түркістандық полицейлер көлігінде 2 бірдей тапанша мен оқ-дәрі сақтаған тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан ҚПБ-ның полиция қызметкерлері қылмыстың алдын алу мақсатында күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп отырады. Осындай кезекті көше бойын патрульдеу барысында полицейлердің назарына күмәнді ВАЗ автокөлігі ілінді.

Полицейлер тексеру кезінде көліктен травматикалық тапаншаға ұқсас екі қару мен оқ-дәрілер тапты. Тәртіп сақшылары жүргізушіден айғақты зат ретінде қаруларды тәркілеп алып, ПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт болып шықты. Қаруға қатысты сараптама тағайындалды.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркеді. Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру