Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да криминалистердің жұмысының арқасында көлік ұрлаған күдікті ұсталды

СҚО-да криминалистердің жұмысының арқасында көлік ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылжар ауданының тұрғыны СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдиновқа жазған хатында ризашылығын білдірді.

Қыркүйек айының басында Бескөл ауылында қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асырып жүрген полиция бөлімінің қызметкері электр желісінің бағанасына соқтығысқаннан кейін тасталған автокөлікті көрді. Бұл жағдай туралы ол кезекші бөлімге хабарлады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Полицейлер Нива көлігінің мемлекеттік нөмірі бойынша иесін анықтады.

Белгілі болғандай, 59 жастағы ауыл тұрғыны көлігінің ұрланғанын әлі білмеген. Бір күн бұрын ол оны үйдің жанына қойып, тек кешке полицейлерден қылмыс туралы білді. Ұрлыққа қатысы бар адам криминалистердің жұмысының арқасында анықталды — ол бұрын сотталған аудан орталығының 36 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қызылжар ауданы ПБ қызметкерлері бұл фактіні ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізді. Қазір анықтау жүргізіліп жатыр.

Ауыл тұрғыны қылмысты ашуға тікелей қатысқан полиция бөлімінің қызметкерлері Альбина Балтабаеваға, Сансызбай Бақаевқа, Евгений Рублевке, Дулат Сүлейменовке жеке алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру