Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері мұқтаж жандарға көмек қолын созды

Алматы облысының полицейлері мұқтаж жандарға көмек қолын созды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ескелді аудандық полиция бөлімінің полицейлері көпбалалы және аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға қайырымдылық көмек пен материалдық қолдау көрсетуді жалғастыруда.

– Тәртіп сақшылары өмірлік қиын жағдайға тап болған мұқтаж жандарға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға тұрақты түрде көмек көрсетуде. Бұл жолы біз жеке құраммен бірге материалдық көмекке мұқтаж бірнеше отбасын таңдадық. Полицей кез келген жағдайда көмекке келуге тиіс деп санаймыз, ал өскелең ұрпаққа бұл адам мейірімділігінің тамаша үлгісі болады. Біз осындай игі дәстүрді келесі ұрпақ жалғастырады деп сенеміз, – деп атап өтті Ескелді АПБ бастығы Қайрат Баймұханов.

Бүгін Ескелді аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы ауданның кейбір тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсетті. Осы отбасылардың жағдайын ескере отырып, тәртіп сақшылары жиналған қаражатқа азық-түлік пен балаларға сыйлықтар алды. Тұрғындар өз кезегінде қасиетті Рамазан айында полицейлерге көңіл бөлгендері үшін зор ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру