Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында қоймадан энергетикалық сусын ұрлаған төртеу ұсталды

Түркістан облысында қоймадан энергетикалық сусын ұрлаған төртеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның базар ішіндегі қоймасына белгісіз біреу кіріп, жинаулы тұрған 22 блок энергетикалық сусынын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 170 мың теңгені құрады.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.

Хабар алысымен жетісайлық полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары шұғыл оқиға орнына барып, айналаны мұқият қарап шықты. Бейнебақылау камераларын тексеріп, көрген-білгендерден жауап алды. Жинақталған ақпарат көздерінің нәтижесінде, күдікті ретінде төрт жігіт құрықталды.

Анықталғандай, жұмыссыз жас жігіттер жеңіл жолмен ақша табу мақсатында таңғы сағат 4-5 шамасында базарға келген. Содан қойманың есігін бұзып кіріп, сусындарды жымқырып кеткен. Ұрланған заттарды сатып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі таңда күдіктілер қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру